Филология факультеті |
12.03.2020
Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғ. Қазақстан» мақаласы талқыланды
2020 жылдың 10 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру инcтитуты қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының 1 курс магистранттары арасында «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Президент Қ.Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Абай және ХХІ ғ. Қазақстан» мақаласын талқылау шарасы өткізілді.
Талқылау барысында магистранттар мақала бойынша пікірлерін білдіріп, интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізі туралы ойларымен бөлісті. Мысалы, Аймақов Бекзат: «Ұлтымыздың өркениетті дүниетанымы, тәлім-тәрбиесі, адамгершілік бейнесі, мәдениеттілігі кемеңгер Абайдың қалдырған мұрасы халық арасында кең насихатталғанда, санадан берік орын алғанда ғана нәтижелі болары анық» десе, Әлібай Айшолпан қатысушыларды Республика Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде елімізде бүгінге дейін өткізіліп жатқан іс-шаралардың үздік ондығымен таныстырып өтті. Ал Қуандық Гүлдана мақала жайындағы пікірін «Хакімді әлем жұртшылығына таныту, сол арқылы қазақ деген халықтың қандай ел екенін, рухы мықты, ойы жүйрік, сөзге шешен екендігін дәлелдеу - бүгінгі ұрпақтың міндеті» деп аяқтады.
Талқылау қорытындысы бойынша, озық ойлы студенттер сертификаттармен марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|