қазақша · русский · english
 
 
 
14.03.2016

11.03.2016 жылы, сағ.14.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Талапкер - 2016» ашық есік күні болып өтті. Oқу ісі жөніндегі проректоры,Философия ғылымдарының докторы, профессор,ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы алғы сөз алып, университет тарихы, бүгіні және болашағы тулары мәлімет берді. Сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Алматы қаласынан және қала маңындағы аудандардан, Қапшағай қаласынан барлығы 400-ге тарта талапкер келді. Филология институтының директоры ф.ғ.д.,профессор Б.Әбдіғазиұлы: «Талапты ерге нұр жауар» дейді халқымыз. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының санасы еркін, ойы азат. Қай бағытта білім аламын десе де, қай салада еңбек етемін десе де мүмкіндігі мол.
Ұлы Абай есімін иеленіп отырған ұлттық педагогикалық университетіміз, ондағы іргелі оқу орталықтарының бірі саналатын филология Институты - бүгінде өрлеймін деген ойға өріс жалғайтын, жанамын деген жүрекке от беретін, жеті жұрттың тілін меңгеремін деген талапкерлерге тіл мен әдебиеттің, сөз өнері мен мәдениеттің нәрін сіңіретін шынайы ұстахана болып отыр - деп, , Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстандағы тұңғыш жоғарғы оқу орны екені , университет ректоры п.ғ.д.,профессор С.Ж.Піралиевтің арнайы шешімімен үздік ақылы бөлімде оқитын барлық институт мамандықтарының студенттеріне 20%, 30% 40% 50% жеңілдіктер қарастырылатынын айтты. Университет Қазақстандағы ЖОО -мен және Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Ян Каменский Университеті (Братислова, Словакия), Миколас Ромерис Университеті (Вильнюс, Литва) және т.б.және 70-тен астам шетел жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, студентердің шетелдік ЖОО алмасып оқу жүйесінің дұрыс жолға қойылып, шешімін тауып келе жатқаны сөз болды.


Жалпы тіл білімі кафедрасы. Молдасанов Е.М.




Кері оралу