қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2016

Сән феномені туралы диалогтар 

2016 жылдың 16 наурызында Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы мен Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы бастауымен Өнер, мәдениет және спорт институты мен Жаратылыстану және география институтының қазақ бөлімінің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Сән феномені туралы диалогтор» атты фестиваль өтті.
Шара барысында көрермендер сән білімпаздарының сайысын қызықтап, әдемі музыкалық қойылым тамашалады. Дизайн әлеміне енді қадам басып жатқан Айдарбай Айгерім, Әлімбаева Жанай, Кайыржан Арай, Махамбет Данагүл, Сакенова Жазнұрдың алғашқы киімдерінің көрсетілімі шараға ерекше көңіл күй сыйлады. Өнер, мәдениет және спорт институтытынң студенті Аманбеков Нұржігіттің отындауындағы «Не деген көркем едің» әніне «Көктемгі көңіл-күй» атты кешкі көйлектердің топтамасының көрсетілімін дизайнер қыздарымыз өздері таныстырды.
Сәндік қолөнерге оқып жатқан Әбдіқадырова Айзада, Әбдікерім Әлия студенттеріміз келген қонақтарға өздері жасаған сәндік ыдыстар мен пейзаждың суреттерін табыстады. 
Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Р.А. Шаханова қатысқан студенттерге алғыс хаттары мен мадақтама қағаздарын тапсырып, кафедраның жемісті жұмысын атап өтті. Филология институтты директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары, аға оқытушы, лингвистика ғылымдарының магистрі Г.Б.Нүптекеева студенттерге және осы шараны ұйымдастырған кафедраның орыс тілі секциясының оқытушыларына алғыс айтты. 




Кері оралу