қазақша · русский · english
 
 
 
18.09.2020

Қос дипломды білім беру бағдарламасына қатысуға шақырамыз

 

2020 жылдың 16 қыркүйегінде орыс тілі және әдебиеті кафедрасында қос дипломды білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс студенттерімен кездесу өтті. Біздің университетімізде Слупск қ. (Польша) Помор академиясымен қолданыстағы шарт бар, ол бойынша үш бакалавр және бір магистрант еуропалық үлгідегі дипломдарды алды - бір мезгілде немесе тіпті оған дейін Абай атындағы ҚазҰПУ дипломын алды.

 

Кездесуде студенттер Помор академиясымен танысып, Слупскіде оқыған студенттердің фотосуреттері мен құжаттарын көрді, Помор академиясында визит-профессорлар бағдарламалары бойынша жұмыс істеген кафедра оқытушыларының Польшада жоғары оқу орнындағы білімінің жоғары сапасы туралы пікірін естіді.

 

Онлайн-кездесуде Помор академиясының проректоры профессор пани Данута Герчиньски қатысты. Ол кісі шын жүректен біздің оқытушылар мен студенттерді құттықтап шығып, студенттерді Помор академиясында оқуға шақырды. Помор академиясында бір семестр оқудың біздің студенттер үшін жағымды жеңілдігі қашықтықтан оқытудың құны проректордың айтуы бойынша: біздің студенттерге ресми жарияланған оқу құнынан екі есе төмен болмақ.

 

Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева профессор Герчиньскиді қонақжайлылығы және отандастарымызға дұрыс көзқарас танытқаны үшін ризашылығын айтып, сонымен қатар студенттерге осындай сирек болатын мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес берді, сондай-ақ Diploma Supplement дипломын алуына тілектес екендігін білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу