қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2016

 

Дұрыс мамандық таңдау, болашақ өмірлеріне дұрыс таңдау жасау....


Рухы биік елдің - жарқын болашағы да айқын болары анық. Абай атындағы ҚазҰПУ - дың басты және негізгі міндеті - бастапқы білім негіздері мен қолданбалы әдістерді меңгерген бәсекелестікке қабілетті, жоғарғы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар мамандар дайындау. ҰБТ жүйесіне біршама жаңалықтар еніп, өзгерістер жасалуда. Сонда да тест жүйесі мамандық таңдауда біршама кері әсерлерін тигізіп жатқаны белгілі. Жас ұрпақтың дұрыс мамандық таңдап, болашақ өмірлеріне дұрыс таңдау жасау барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, академик С.Ж.Піралиевтің арнайы тапсырмасымен таланты жастарды іздеу мақсатында арнайы топ мүшелері құрылып : топ жетекшісі : х.б.ғ.к., проф Бирталаев Е.Қ , Топ мүшелері: ф.м.ғ.к., проф Қосанов Б.М , ф.ғ.к., доцент Молдасанов Е.М, пресс қызмет инженері Иманкулов С , аға оқытушы Исмайлова О.А , ТҚО бастығы Үйсінбаев А.Ғ, жүргізуші- Ырысахмет Б .Т Алматы облысының төменгі аудандарында: 04.04-08.04 2016 жыл аралығындағы кәсіби бағдар жұмысын : Алакөл ауданы «Үшарал» қаласы, Сарқан ауданы «Сарқан» қаласы, Ақсу ауданы «Жансүгіров» кенті, Ескелді ауданы «Қарабұлақ» кенті, Көксу ауданы «Балпық би» кентінде кәсіби бағдар жүргізіп қайттық. Мектеп бітірушілер біршама сұрақтарға тұшымды жауап алып, арман қала Алматыға келіп Қазақтың тұңғыш жоғарғы оқу орны Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алсақ деген ниеттерін білдіріп, университет ректорына өз ризашылықтарын білдірді. Жолдың қиыншылығына, алыстығына қарамастан топ мүшелері 2016 жылығы ҰБТ жаңалықтарымен және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің өмірі ондағы мамандықтар туралы, университет ректорының арнайы үздік оқитын жастарға бөлінетін грантарымен т.б. жеңілдіктемен таныстырылды.
Оқушы тұлғасының кәсіби бағыттылығы дегенді біз оқушының мамандық таңдауға өзі қалап және белсенді қарым-қатынасынан көрінетін адам әрекетінің бір бөлшегі деп түсінеміз. Мамандық таңдау кезінде оқушыларға кәсіби бағдар беру әрқашан маңызды мәселе болмақ. Себебі дұрыс таңдау ол ертеңгі ел тағдыры, адам тағдыры, қоғам тағдыры. Дұрыс кәсіп таңдаған адам - рухы биік тұлға болатыны анық.


Бирталаев Е.Қ х.б.ғ.к., проф
Қосанов Б.М - ф.м.ғ.к., проф
Молдасанов Е.М. - ф.ғ.к., доцент
2016 жыл




Кері оралу