қазақша · русский · english
 
 
 
22.10.2020

Магистранттар педагогикалық практикаға шығады

 

2020 жылдың 20 қазанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2 курс магистранттарының педагогикалық практикасы бойынша нұсқаулық конференциясы өтті.


Кафедраның осы практика жетекшісі доцент Зинаида Поляк магистранттардың білім беру бағдарламасының келесі кезеңінің құрылымы мен қалай өтетіндігі туралы айтып, есептік құжаттамамен таныстырды. Биылғы оқу жылында тәжірибе қашықтықтан өтеді. Магистранттардың көпшілігінде сабақтарды онлайн режимінде өткізу тәжірибесі бар. Тәжірибе барысында олар өздерінің әдістемелік дағдыларын жетілдіруі керек.


Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева өз сөзінде магистранттарға практика бағдарламасына кафедраға ғылыми-әдістемелік көмек пен тәрбие жұмысы қосылатынын еске салды. Практиканттар аудиториядан тыс үлкен іс-шара-әдеби кеш өткізу қажет екендігін ескертті.

 




Кері оралу