Мұражай - ел рухының айнасы
«Ұлтқа қызмет ету - білімнен емес, мінезден» (Ә.Бөкейханов).
2020 жылдың 11 қарашасында Филология және көптілді білім беру институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-ші курс 105-топ студенттері институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов пен 105-ші топ эдвайзері Динара Орынбаеваның ұйымдастыруымен Алматы облысы, Жаңалық ауылындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражаймен танысып қайтты. 5000-ға жуық репрессия құрбандары, Алаш ардақтылары жерленген қасиетті жерге тағзым жасап, құран бағыштады.
1916-1986 жылдар аралығында болған тарихи оқиғалардың ақиқатымен танысқан студенттер игілікті шарадан соң патриоттық сезімдерінің арта түскенін, ұлт қамы үшін жанын қиған алаш қайраткерлерінің қыршыннан қиылған ғұмырлары үшін жүректері елжіреп, бүгінгі ұрпақ атынан мың алғыс айтатындарын жеткізді. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлерімен, оқытушыларымен сұхбаттаса отырып, осы бір қасиетті рухқа толы жерді түрлі шетел азаматтары көруге құмар екенін естіп, таңырқады. Әрі барша қазақ жастары аталмыш мұражайды, тарихи орынды өз көздерімен көріп, танысуы міндет.