қазақша · русский · english
 
 
 
18.11.2020

Педагогикалық тәжірибе - магистратурадағы

білім беру бағдарламасының тағы бір кезеңі

 

2020 жылдың 16 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2 курс магистранттарының педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция өтті.

 

Конференцияның модераторы магистранттардың педагогикалық практикасына жауапты доцент Зинаида Поляк болды. Баяндамамен сөз сөйлеген төрт мамандықтың магистранттары практика кезінде өткізілген сабақтар туралы, осы тәжірибенің өздерінің кәсіби даярлығы үшін маңызы туралы айтып берді.

 

Магистранттардың ғылыми жетекшілері педагогикалық практика кезіндегі жұмыстарын жоғары бағалады. Конференция соңында кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева магистранттарды табыспен құттықтап, оларға алдағы уақытта да кафедра өміріне белсенді қатысуға тілек білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу