қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2020

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы ҚПҒА

наградасының иегері

 

Қазақстанның педагогикалық ғылымдар Академиясында «Үздік ұстаз» XI республикалық тәуелсіз қоғамдық конкурсы өтті. Қорытынды шығару үшін конкурстық комиссия құрылды, жетекші ғалымдар, педагогтар, мектеп директорлары мен меңгерушілері, жоғары білім беру жүйесінің және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері тартылды. Конкурстық комиссия әзірленген бағалау критерийлері негізінде қорытынды шығарды. ҚПҒА төралқасы нәтижелерді қарап, конкурстық комиссияның шешімін бекітті.

 

2020 жылғы 26 қарашада өткен «Үздік ұстаз» академиясының төсбелгісімен филология ғылымдарының кандидаты, орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Байшүкірова онлайн-марапаттауда марапатталды.

 

Республикалық конкурстың жеңімпазын құттықтаймыз және педагогикалық жұмыста жаңа табыстар тілейміз!

 

   

 

   




Кері оралу