қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2020

Педагогикалық практиканың бірінші кезеңін қорытындыланды

 

2020 жылдың 7 және 11 желтоқсанында «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 және 4 курс студенттерінің өндірістік педагогикалық практикасы бойынша екі қорытынды конференция өтті.

 

Конференцияларда кафедраның практика жетекшісі Гүлмира Қажығалиева сөз сөйледі, ол қатысушыларды практика қорытындыларымен таныстырып, электронды презентацияда барлық қажетті ақпаратты ұсынды.

 

Өз баяндамаларында практиканттар өткізілген сабақтары туралы өз әсерлерімен бөлісті, қашықтықтан оқытуға көшумен байланысты коронавирус пандемиясы кезеңіндегі педагогикалық жұмыстың күрделілігін атап өтті.

 

Әдіскер-оқытушылар Елена Ломова, Мәдина Абаева, Гүлнұр Байшүкірова, Дина Поляк, Мехирнис Хавайдарова өндірістік педагогикалық практиканың жоғары деңгейін, тәлімгер - мектеп мұғалімдерінен алынған оң пікірлерді атап өтті.

 

Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева өзінің қорытынды сөзінде болашақ мұғалімдерге келесі семестрде педагогикалық практиканың екінші кезеңі барысында табыс және таңдалған салада кәсіби жетістіктер тіледі.

 

   

 

   




Кері оралу