қазақша · русский · english
 
 
 
20.12.2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін атап өтеміз

 

2020 жылдың 15 желтоқсанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында бірнеше мерекелік іс-шаралар өтті. Мерекелік концертті «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері дайындады. Тәуелсіздік күніне орай «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранттары викторина өткізді. Мерекеге арналған кешке бакалавриаттың бірінші курс студенттері шақырылды.

 

Барлық онлайн-кездесулер қызықты өтті, вебинарлар барысында бірегей және әр түрлі визуалды тәсілдер қолданылды. Отан туралы әндер, қазақ ақындарының өлеңдері, домбырашылардың орындауындағы музыкалық шығармалар шырқалды. Қазақстанның тарихы мен қазіргі өмірі тақырыбындағы викториналар, зияткерлік ойындар барлық көрермендерді мерекелік көңіл-күй орбитасына қосты. Қашықтыққа бөлінген студенттер мен оқытушылар біртұтас тату отбасындай - өз елінің азаматтары болып қала береді.

 

   

   

   




Кері оралу