қазақша · русский · english
 
 
 
13.01.2021

Тайм-менеджмент: уақытты тиімді пайдалану


2021 жылдың 8 қаңтары күні студенттер мен ұстаздарға уақытпен санаса өмір сүру туралы тың ақпараттар мен пайдалы кеңестер беру, пікір алмасу мақсатында «Тайм-менеджмент: уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар барысында түрлі тренингтер жасалып, маңызды баяндамалар жасалды. Вебинарға қатысушылармен біріге отырып, уақыт жетіспеушілігінің себептері айқындалды. Соған сәйкес мамандар тарапынан жұмыс уақытын дұрыс жоспарлаудың бірнеше әдістері ұсынылды. Тайм-менеджментті меңгертуге бағытталған Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», Нейл Фьоренің «Бүгінгіні ертеңгіге қалдырмаудың қарапайым жолдары», Глеб Архангельскийдің «Тайм-драйв: жұмысқа және өмір сүруге қалай үлгеру керек?» сынды кітаптары талқыланды. Студенттер аталмыш кітаптарда айтылған ойды Алмас Темірбайдың «Уақыттың қадірі» өлеңімен байланыстыра отырып, вебинарды қорытындылады. Өзекті тақырыпты қозғаған бұл вебинар студенттердің қызығушылығын арттырған қызықты тартыс алаңына айналды.

 

   




Кері оралу