қазақша · русский · english
 
 
 
14.01.2021

Студенттік жатақханадағы ішкі тәртіп ережелері талқыланды

 

2021 жылы 11 қаңтарда Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 1 және 2 курс студенттерімен «Студенттік жатақханадағы ішкі тәртіп ережелері» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.

 

Кездесудің ұйымдастырушылары 1 және 2 курс топтарының эдвайзерлері Самал Серікова мен Мехирнис Хавайдарова болды.

 

Мехирнис Хавайдарова өзінің кіріспе сөзінде жатақханада тұратындар қандай талаптарды орындауға міндетті екенін атап өтті:

- жатақхананың ішкі тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау;

- жатақхананың үй-жайларына, жабдықтарына ұқыпты қарауға, тұрғын үй-жайларда және жалпы пайдалану орындарында тазалықты сақтауға, өз бөлмесін тәртіпке лайықты ұстау;

- әкімшілікпен жасалған өзара жауапкершілік туралы шарттың ережелерін орындау.

 

Студенттер алдында топтың эдвайзерлері сөз сөйледі. Самал Серікова аталған мәселе бойынша бейнематериалдар көрсетті. Барлық студенттер көтерілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

 

   




Кері оралу