қазақша · русский · english
 
 
 
10.02.2021

«Бір әннің тарихы» кеші

 

2021 жылы 8 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ «Smart» жастар орталығында Филология және көптілді білім беру институты «Филология» мамандығы белсенділерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, танымал әнші Дүйсенбек Өмірәлиевпен «Бір әннің тарихы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кешті Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов жүргізді.

 

1985-ші жылы өткен Республикалық «Жігер» конкурсының лауреаты, Москва қаласында өткен Дүниежүзілік 12-ші фестивалінің лауреаты, Оңтүстік Кореяда өткен Бүкіл дүниежүзілік этно-фольклорлық фестивалінің жеңімпазы, 1988 жылы өткен 2-ші Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы конкурстың лауреаты атанған Дүйсенбек Өмірәлиевті студенттер қауымы айрықша ынтамен тыңдап, сауалдарына тұщымды жауап алды.

 

Әншінің орындауындағы Иса Байзақовтың «Желдірме» әнін, Битама Мырзахметұлының «Он тілек» термесін, Бөлтірік шешеннің «Өмір термесін», Ақан серінің «Балқадиша» әнін, Жамбыл Жабаевтың «Күләшқа», Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнін ерекше ықыласпен тыңдады. Кеш соңында студенттер әнге, әншіге деген құрметін білдірді.

 

   




Кері оралу