қазақша · русский · english
 
 
 
06.10.2016

 

1 қазан - қарттар күні

Дәл осы күні қарттарға деген махаббаты мен мейірімі оянған жандардың саны арта түседі. Мерекелерімен құттықтап, оларды іздеп келетін жандардың бар екенін көру қарттар үшін, әрине, қуаныш. Мерекемен қарияларымызды құттықтауға Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері де атсалысты. Кішігірім сыйлықтар мен өнерлерін көрсету арқылы ақ самайлы әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымызды қуантуға тырысты. Осындай атқарылған іс-шарадан кейін, жоғары курс студенттері еріп келе жатқан ізбасарлары - 1 курс студенттеріне «Мейірім клубының» дәстүрін жалғастыруды табыстады. Асыл қазына - қарттарымызды тек қана мереке күндері емес, әрқашан еске алып жүрейік.

 

   

 

      


Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология институты,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
4 курс, 7-топ студенттері Бурасанова А., Нұреке А.

 




Кері оралу