қазақша · русский · english
 
 
 
30.04.2021

Кәсіби бағдар беру жұмысы: дұрыс таңдалған мамандық - жарқын болашақтың кепілі


2021 жылдың 28 сәуірінде Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Балтабаева Жаңалық, профессор Есенова Қалбике, доцент Молдасанов Ерсайын және институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Қасенов Ерланның ұйымдастыруымен Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын орта мектебі, Қаратал ауданындағы Елтай атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі және Талдықорған қаласындағы Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында онлайн-вебинар өткізілді.

 

Вебинарда мектеп бітіруші түлектерге университет, институт мамандықтары туралы, құжаттар тапсыру, оқу кезіндегі жеңілдіктер жайында түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылардың сұраныстары бойынша эссе жазудың ерекшеліктері жайында кеңестер берілді.

 

   

 

   




Кері оралу