қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2021

Дипломдық жобалар мәреге жетті

 

2021 жылдың 30 сәуірінде Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында дипломдық жобаларды алдын ала қорғау өтті.

 

Биылғы оқу жылында кафедра мамандықтарының бакалавриат түлектері алғаш рет дипломдық жұмыстарын емес, дипломдық жобаларын қорғайтын болады. Алдын ала қорғау кезінде олар жобалық зерттеудің дәстүрлі бітіру жұмысынан өзгеше екенін көрсетті. Жобалардың тақырыптары мен мазмұны, ең алдымен, зерттеудің практикалық жағын көрсетті. Жобаларды орындауға заманауи білім беру және цифрлық технологиялар тартылды.

 

Кафедра оқытушыларынан құрылған комиссияның алдында 16 жобалау тобының қатысушылары (барлығы - 53 студент) сөз сөйледі. Комиссия мүшелерінің сұрақтары мен ескертулері түлектерге дипломдық жобаларын жетілдіруге және оларды Мемлекеттік аттестаттау кезінде сәтті қорғауға көмектеседі.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу