қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2021

«Квантитативті филология» жас ғалымдар мектебі

 

«Квантитативті филология» жас ғалымдар мектебі - Смоленск гуманитарлық зерттеулер орталығы ұйымдастырған және Ресей Федерациясының президенттік гранттар Қорының қолдауымен ұйымдастырылған жоба. Бұл жоба ғылыми мектептердің инновациялық идеялары мен дәстүрлері төңірегінде жас ғалымдар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған және де әлемдік деңгейге сәйкес келетін зерттеу технологияларын бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді.

 

Жас ғалымдар мектебіне қатысу үшін Ресейдің әртүрлі аймақтарынан және шет елдерден 35 жасқа дейінгі 80-нен астам студенттер, магистранттар мен ғылым кандидаттары өтініш берді. Қатысушылардың бірі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бірінші курс докторанты Молдағали Мадина.

 

Жас ғалымдар мектебі екі сырттай және бір күндізгі сессиялардан тұрады. 2021 жылғы 12-24 сәуір аралығында жобаның бірінші кезеңі өтті. Екінші сессия мамырдан қыркүйекке дейін өтеді. Сессия кезінде мектеп қатысушылары бірлескен жұмыстар жазады. Қатысушылардың қорытынды жұмыстары соңғы күндізгі сессияда, яғни қыркүйекте Смоленск Мемлекеттік университеті ұйымдастыратын конференцияда ұсынылады.

 

Екі апталық сырттай сессия барысында СмолГУ-дың (Смоленск, Ресей) квантитативті филология саласындағы жетекші мамандарының 30-дан астам бейне дәрістері мен шеберлік сыныптары тыңдалды. Барлық сессиялар жайлы атмосферада өтті, онда әрбір жас зерттеуші егжей-тегжейлерді нақтылап, қосымша сұрақтар қоя алды.

 

   




Кері оралу