Абай атындағы ҚазҰПУ мен Слупск қаласының Помор академиясының ынтымақтастығы
2016 жылдың қазан айында Слупск қаласындағы (Польша) Помор академиясында жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы өтті.
Биыл бұл академияның ректоры қызметін 2016 маусым айында Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық делегация құрамында келген З.Осадовский иемденді.
Ашылуға әр-түрлі елдердің жоғары дәрежелі өкілдері де қатысты. Соның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры В.Н. Косов мырза да болып, Помор академиясының басшылығына екі жоо арасындағы ынтымақтастықтың серпінді дамып, қазіргі таңда Польшадағы жоо 18 студентіміз филология, математика, биология сияқты факультеттерде білім алып жатқанын атап айтты.
Филология институтының «Орыс тілі мен әдебиеті » мамандығының студенттері мен магистранттары жаңа оқу орынына жылдам жерсінуде.
Былтыр семестрлік білім алған орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының магистры Максим Пономоренко биыл Помор академиясында докторантура дәрежесінде оқуын жалғастыруда.
Сөз соңында ректор Збигнев Осадовский Помора академиясы Абай атындағы ҚазҰПУ ынтымақтастығын дамытпақ ниетте екенін айтты.
Ректор Збигнев Осадовский