қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2016

«Тәуелсіз жылдардағы мемлекеттік тіл саясаты»


Үстіміздегі жылдың 08 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жылдың IV тоқсандағы республикалық желілік кестеге сәйкес Жалпы тіл білімі кафедрасы мен Жастар ісі жөніндегі комитетпен бірлесіп «Тәуелсіз жылдардағы мемлекеттік тіл саясаты» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.Конференцияға Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілдері, оқытушылар және студенттер қатысты.

Конференция мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу жолындағы мемлекеттік тіл саясатының рөлі мен даму үдерісін айқындау,жастар арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және ҚР Тіл туралы Заңнамасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Конференция модераторы Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі,ф.ғ.д.,профессор Қ.Есенова сөз алып,Тәуелсіздік қарсаңында ұйымдастырылып отырған аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
Конференцияға университеттің Тәрбие басқармасы бастығының орынбасары Қ.А.Бекпенбетова конференцияға қатысушыларға сәт сапар тіледі.
Конференция барысында Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Есенова Қ.Ө. «Қазақ тілі - Тәуелсіз Қазақстанның келбетін көрсететін басты құрал», ф.ғ.д., профессор Қосымова Г.С. «Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудағы мемлекеттік тілдің өміршеңдігі», «Филология» мамандығының II-курс докторанты Бисенбаева М. «Мемлекеттік тіл саясаты: бүгіні мен ертеңі», ҚазҰПУ-дың жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Сеитов Р. «Тілге құрмет - жастарға міндет» тақырыбында баяндама жасады. Конференция барысында сұрақ-жауап алынып, пікірталас болды.
Сонымен қатар, университет қабырғасында 8-18 қараша аралығында ұйымдастырыл отырған «Нұрлы үмітін арқалаған STUDENTS LIVE» атты Студенттік онкүндіктің жоспары таныстырылды.
Елбасымыз Н.Назарбаев: «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында:« Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!» ,-деп көрсеткендей, ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция университет жастары үшін тәлімі зор, тағлым аларлық өнегелі шара болды.

 

 




Кері оралу