қазақша · русский · english
 
 
 
21.09.2021

Дуалды білім беру бағдарламасы бойынша
өндірістік тәжірибе басталды

 

2021 жылдың 20 қыркүйегінде Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының үшінші және 4 курс студенттерінің өндірістік педагогикалық практикасы бойынша нұсқаулық конференция өткізілді. Биылғы жылы бітіруші студенттер практикадан университеттің келісісмшарты бар № 144, 135, 96, 75 МГ КММ, «№134 лицей», №120 КММ, «№ 90 мамандандырылған мектеп-лицей» КММ, № 79 гимназияда өтеді.


Конференцияда өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері анықталды. Кафедра әдіскерлері М.М.Хавайдарова, Г.Ж.Байшукурова, Д. М.Поляк студенттермен практикадан өту және есептік құжаттарды дайындау бойынша нұсқаулық өткізді.


Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева 2021-2022 оқу жылы дуальды оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың үшінші жылы болғанын еске салды, оның барысында студенттер мектепте қатар жұмыс істейді және бітіру курсының оқу пәндері бойынша кредиттерді игереді. Ол өткен жылдардың оң тәжірибесі практиканы осындай ұйымдастырудың өнімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті және түлектер мен олардың тәлімгерлеріне сәттілік тіледі.

 

   

 




Кері оралу