қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2016

 

Жалпы тіл білімі кафедрасы 6D020500 - Филология, 6D021300 - Лингвистика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалатын диссертациялық жұмыстарға ғылыми жетекшілік жасауды ұйымдастыру мақсатында Польшаның Адам Мискеевич атындағы Познань университеті, Польшаның Ольштын университеті, Түркияның Стамбул университеті, Анкара қаласындағы Гази университеті, Измир қаласындағы Еге университеті, АвстрияныңUniversity of Education Linz, Austria Dr. Hans Schachl

университеті, Ресейдің Мәскеу мемлекеттік облыстық университетімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

2016 жыл 19 қарашада, Филология және көптілді білім беру институтының директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдігазиұлының, Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д.. профессор Қ.Ө.Есенова және ф.ғ.д., профессор Г.С.Қосымованың ұйымдастыруымен Филология және көптілді білім беру институтының ПОҚ, студентеріне, магистрант, докторанттарына Бейжін Ұлттық орталық университетінің (Қытай) профессоры, филология ғылымдарының докторы Еркін Ауғали «Көне түркі және шағатай» тілі» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәрісті түркі дүниесіне байланысты тың деректер айтылды. Дәріс 19.11.2016 жыл мен 04. 12.2016 жыл аралығында жалғасады.

Ұйымдастыру ком: Филология және көптілді білім беру институты байланыс тел: 87015773509




Кері оралу