Филология факультеті |
28.10.2021
«Есірткісіз өмір - бақытты ғұмыр» ашық тәрбие сағаты
2021 жылғы 27 қазанда Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушыcы Асель Алмабекова 1 курс «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығы, қытай тілі бөлімі студенттерімен бірге «Есірткісіз өмір - бақытты ғұмыр» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Студенттердің нашақорлықтың алдын алу туралы түсінігін қалыптастыру, есірткіні қолданудың жағымсыз салдары туралы түсінік беру, студенттердің есірткіні қолданудан бас тартуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін дағдыларын дамыту, студенттердің мүдделерін кеңейту, өзін-өзі бақылауды тәрбиелеуге ықпал ету.
Тәрбие сағатына аға оқытушылар Оразова Р.К.,Қонқабаева Н., Султанбаева Ж.У., Қайсейтова Э.Ж. және кафедра студенттері қатысты.
Ашық тәрбие сағатында студенттер жоғары деңгейде белсенділік танытты. Студенттер тақырыптың өзектілігін көтере отыра, қазіргі таңда нашақорлықтың алдын алуына ұсыныстар айтты. Сонымен қатар тәрбие сағатында есірткінің адам ағзасына, психологиясына қалай әсер ететіндігі туралы да баяндалды. Ашық тәрбие сағаты қазақ және орыс тілінде өткізілді. Сонымен қатар, тақырыпты ашу мақсатында видеобаян көрсетіліп, халқымыздың ұлы тұлғасы Абай Құнанбаевтың сөзімен қортындыланды. Іс-шара жоғары деңгейде бағаланды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|