Филология факультеті |
26.12.2016
2016 жылдың желтоқсан айының 21 күні Филология және көптілді білім беру институтының «Астория» мейрамханасында жаңа жылдық кеші өтті. Осындай керемет жаңа жылдық мерекеге арналған кештің ұйымдастырылуына филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., проф. Шаханова Р.Ә. және кафедраның оқытушылары мен олардың студенттері ұйытқы болды. Олар эстрада жұлдыздарын шақырды, викторина, жаңа жылдық конкурстар өткізді, құттықтау хаттар дайындады. Сондай-ақ, кешке Филология және көптілді білім беру институтының профессор-оқытушылар құрамы, студенттерінен өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім беру мамандығының 1 курс студенттері Мынбаев Б., Абай Е., біздің кафедраның студенттері, ҚР мәдениетке еңбегі сіңген қайраткері Рымкеш Жумадилова, Құдайберген Бекіш, Ажар Сейтенова сынды Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысты. Польша, Белоруссия, Ресей мемлекеттерінен келген А. Ндяй, З.З. Сидорович, У.М.Бахтикереева ғалымдар біздің құрметті қонақтарымыз болды. Кешті филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының PhD докторлары Белосарова Жайдар мен Нурбаева Аида және ф.ғ.к. доц. Айбергенова Салтанат Төлегенқызы жүргізді. Олар институттың профессор-оқытушылар құрамының жеткен жетістіктері мен марапатталары туралы айтып кетті. Айбергенова С.Т. қонақтарымызға тамаша ән сыйлады. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ҚР ҰҒА корр-мүшесі, п.ғ.д., проф. Оразбаева Фаузия Шамсиқызы мен ф.ғ.д., проф. Тебегенов Темірхан Сақаұлы ашып, кеш қонақтарын құттықтап, өз тілектерін білдірді. Кеште институт басшылығы, атап айтқанда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары п.ғ.к. Кенжебаева Г.М., директордың тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Нүптекеева Г.Б., институт диспетчері Жапарова А.Б. Жаңа жылмен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Жаңа жылдық кеште аяз ата мені ақшақар қонақтарды шаттыққа бөлеп, ойын ойнатып, сыйлықтарын ала келді. Кеште студенттер мен эстрада жұлдыздарының өнерінен басқа институттың әр кафедрасының меңгерушісі мен оқытушылары тілектерін айтып, өз өнерлерін тамашалады. Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жаңадан отбасы құрған қыздарымызға баталарын беріп, тілектерін айтты. Жаңа жыл мерекесіне арналған кешке қатысқан профессор-оқытушылар құрамы керемет әсерде, дән ризашылықта тарасты. Жаңа жылда жаңа табысқа жетейік! Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|