қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2021

Батырлар туралы естелік жүректе тұрады

 

2021 жылдың 25 қарашасында Филология және көптілді білім беру институты «6В01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 103 топ студенттері эдвайзер, оқытушы Ақмарал Омарованың жетекшілігімен Батыр-панфиловшылардың 80-жылдығына арналған іс-шара өткізді. Оқушылар 1941 жылғы батырлық оқиғалардың негізгі фактілері көрсетілген презентация дайындады. Студенттер «Жиырма сегіз», «Дубосеково», «Мені күт» өлеңдерін оқыды. Бастамашыл топ гвардияшы-панфиловшылардың ерлігінің тарихи фактілерін объективті түрде көрсететін деректі фильм көрсетті.

 

Кездесуге қатарлас топтардың студенттері, оқытушылар, сондай-ақ Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева, профессор Гүлмира Қажығалиева 103-топ балаларының дайындық деңгейін жоғары бағалап, студенттерге, болашақ филологтарға өз Отанының тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын шығармашыл болып қала берулерін тіледі.

 

   




Кері оралу