қазақша · русский · english
 
 
 
17.01.2017

2017 - Педагогикалық практикасы

2017 жылдың 16 қаңтары күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 3-4 курс студенттеріне арналған нұсқаулық конференция өтті.
Педагогикалық іс-тәжірибенің жетекешісі Ш.Т. Кожакеева, кафедраның меңгерушісі С.Ж. Әбішеша және әдіскер оқытушылар студенттерді педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, қажетті ұсыныстар мен есептеме құжаттың тізімдерін берді.
Педагогикалық білім алатын студенттердің өздерін мұғалім рөлінде сомдауы өте жауапты кезеңдердің бірі. Төртінші курс студенттері өздерін сенімдірек, себебі бұл олардың екінші іс-тәжірибесі. Үшінші курс студенттерін «Сабаққа қалай дайындалсам болады? Оқушылар мені тыңдайды ма? Іс-тәжірибені ойдағыдай өткізе аламын ба?» сынды көптеген сұрақтар мазалайды.
Бұл кезеңде оларға әдіскер оқытушылар өз қол ұшын беріп отыратын болады. Болашақ мұғалімдерге жемісті жұмыс пен шығармашылық шыңдалу тілейміз!

 

 




Кері оралу