қазақша · русский · english
 
 
 
18.01.2017

Ұстаздыққа алғашқы қадам

2017 жылдың 16 қаңтарында сағат 11.00-де 425 аудиторияда Абай атындағы ҚазҰПУ-дің филология және көптілді білім беру институтында филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті», «5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 және 4 курс студенттері үшін «Ұстаздыққа алғашқы қадам»  атты педагогикалық конференция өтті. Әдіскерлер, педагогтар, психологтар және білім алушылар қатысқан конференция ғылыми-әдістемелік сипатта өтті. «Ұстаздық пен мұғалімдіктің ара жігі», «Шешен сөйлеу- филолог мамандардың басты шарты», «Педагогикалық такт пен әдеп талаптары», «Студент келбеті- университеттің айнасы», «Әдебиет пен тіл- халақтың түп тамыры, адастырмас темірқазығы» атты жарыссөздерге қатысушылар мектепке іс-тәжірибеден өтуге бет алған жас түлектер үшін теориялық, танымдық, тәрбиелік мәні жоғары мәселелерді алға тартты. Әдемі әуен, көркем сөз оқумен ұштасқан конференция білім алушыларды қанаттандырып, жағымды көңіл күй туғызды.




Кері оралу