қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2021

Тұғыры биік тұлға дайындау - заман талабы

 

2021 жылдың 2 желтоқсанында Алматы қаласы Сүйінбай атындағы №143 орта мектепте офлайн форматында педагогикалық практика жетекшілері А.Б.Мысекеева, Г.Р.Нұрекешова, Ш.У.Сұлтанкулова, А.С.Таженова және осы мектепте өндірістік практикадан өтіп жатқан 4 курс студенттері мектеп бітіруші түлектерге арнап офлайн форматында «Тұғыры биік тұлға дайындау - заман талабы» атты іс-шара өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.


Алдымен студенттеріміз Тәуелсіздік тақырыбына оқушылардың зейінін аударып, түрлі сұрақтар негізінде Тәуелсіздік туын желбіреткен қазіргі заман ерендері еңбектеріне бейне-сауалнама жүргізді, университетімізден алған тәлім-тәрбиелерімен бөлісіп, жас түлектерге сәт сапар тіледі. Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері кездесу барысында мектеп оқушыларын университетіміздің мамандықтарымен таныстырып, заманауи мұғалімнің жұмысы, мұғалім мәртебесі мен шәкіртақының және білім беру гранттарының өскендігінен хабардар етті. Мемлекеттің назары қазіргі таңда осы педагогикалық мамандықтарда екенін атап өтіп, таңдауларын дұрыс жасауларына шақырды.


Кездесу соңы бітіруші түлектер мен ұстаздар арасындағы тартымды пікір алмасуға ұласты.

 

   

 

   




Кері оралу