қазақша · русский · english
 
 
 
27.01.2017

Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушысы Ф.ғ.к.,доцент Е.М.Молдасановтың 27.01.2017 жылы 1-курс, 6М020500 - Филология мамандығы магистранттарының кезекті  «Дін және мен» атты тәлімгер сағаты болып өтті.   

Елбасымыз Н.Назарбаев 2012 ж 14 желтоқсан жолдауында айтып өткендей: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал».

 

Дінсіз қоғам болмайды.

Біздің арғы тегіміз түркі, яғни Исламды қабылдауымыз да түркілік, қазақы дүниетанымымызға қатысты болды. Өзімізге тән әдетіміз, ғұрпымыз, салт-санамыз бар, ол Исламмен табиғи тұтасып кеткен.Ислам - иләһи соңғы әрі әлемдік дін Жер шарын мекендеген алты миллиардқа жуық адамзаттың 1,5 миллиарды мұсылмандар. Қазақ халқы да Ханафи мәзһабын ұстанушы халық. Ислам діні Қазақстанға осыдан 1250 жыл бұрын келген. Өкінішке орай 70 жылдық Кеңестік үкімет тұсында дінге тыйым салынып, Құдай жоқ деп, дініміздің барлық құндылықтарын тұншықтыруға тырысты. Осы 70 жылдық мерзімде дінімізді түсіндіре алатын санаулы ғана жандар болды. 1991 жылдан бастап дінге еркіндік беріліп, Ислам қанат жайып келеді.Қазіргі таңда елімізде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен теріс діни ағымдар халқымызға солақай әсерін тигізіп отыр. Жасыратыны жоқ еліміз егемендік алған жылдары белең алған әр түрлі ағымдар, шығыс халықтарының нақыл сөзіндегі терезені ашсаң таза ауамен үйге шаң кіретіні сияқты,пайдалы жағы да,пайдасыз тұстары болды -деді.Пайдалысы тәуелсіздігімізді ала сала көпке құшағымызды кең жайғанымыздың арқасында,елімізге ата мекенін аңсаған талай қандастарымыздың елге оралуына жол ашылды.Осы ұрымтал тұсты пайдаланып,керағар топтармен, керітартпа ағымдар да қасиетті жерімізге келіп табан тіреді.

  "Адасқандар" бейнефильмі көрсетілді. Бейне фильмге байланысты пікірталас ұйымдастырылды.




Кері оралу