Филология факультеті |
01.02.2022
Диссертацияны талқылау сәтті өтті
2022 жылдың 31 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «6D021300 - Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Әсел Қожахметованың «Репрезентация аксиологической семантики в языке казахстанской прессы» («Қазақстан баспасөзі тіліндегі аксиологиялық семантиканың репрезентациясы") тақырыбындағы диссертациялық жұмысын талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті. Ғылыми кеңесшілері - филология ғылымдарының докторы, профессор Манаткүл Мұсатаева және филология ғылымдарының докторы, профессор Александр Киклевич (Ольштынадағы Варминск-Мазур университеті, Польша).
Отырыс ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Отырыс төрайымы профессор Сәуле Әбішева қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, ізденушіге сөз берді.
Баяндама аудиторияның қызығушылығын тудырды, кафедра оқытушылары мен кеңейтілген отырыстың қонақтары сұрақтар қойып, қорытынды пікірталасқа белсенді қатысты. Барлық сөз сөйлеушілер Әсел Қожахметованың ғылыми зерттеуін жоғары бағалады.
Біз докторантымызды талқылау процедурасынан өтуімен құттықтаймыз және аталмыш диссертациясын сәтті қорғап шығуын тілейміз!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|