қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2022

Педагогикалық практикадан өтіп жатқан студенттерге арналған семинар


2022 жылдың 5 ақпанында Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен педагогикалық практикадан өтуші 3-4 курс студенттеріне әдістемелік көмек көрсету әрі квалтестке даярлау мақсатында «Заманауи мектеп оқулықтарының мазмұны мен құрылымы» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинарды ұйымдастыруға институт оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.Н.Юсуп, кафедра оқытушылары С.Қ.Сыздыков, Ш.Д.Құттыбаев, Ж.С.Ашировтар атсалысты. Әдістемелік семинарда Республикаға белгілі әдіскер-ғалымдар, мемлекеттік білім беру стандарттары мен мектеп оқулықтарының авторлары, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлары Н.Ә.Ильясова, Г.С.Қосымова, Ж.Қ.Балтабаева, Р.С.Рахметова, А.Қ. Рауандина студенттерге жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған мектеп оқулықтары туралы ақпарат беріп, оқулықтардағы білім мазмұнымен таныстырды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу