қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2022

Дуальді оқыту шеңберіндегі педагогикалық практика


2021-2022 оқу жылының екінші семестрінде Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері Алматы қаласының мектептерінде педагогикалық практикадан өтеді.


Кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған дуальді оқыту шеңберінде практиканттар дәріс аудиторияларында алған теорияны іске асыра отырып, олар үшін мектепте практикалық жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгереді.


Осы жылы кафедра «Мансап» мансап орталығымен бірлесіп үшінші курс студенттерінің практикадан өтуі үшін 12 мектепті белгіледі: бұл мектептер №12, 19, 25, 35, 53, 56, 66, 102, 136, 163, 167, «Даму» жекеменшік мектебі.


Студенттер болашақ кәсіби өмірге дайындалуға мүмкіндікпен пайдалана отырып, өздерінің баға жетпес педагогикалық тәжірибелерімен бөлісетін тәлімгер - педагог-зерттеушілердің басшылығымен сабақтар өткізеді.

 

   

 

   




Кері оралу