қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2017

3 курс оқу-әдістемелік практикасының қорытынды конференциясы

 

Филология және көптілді білім беру институтының педагогикалық практикаға жауапты Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы 2017 ж. 23 ақпаны күні сағат 15-00-де  202 университеттің кіші конференц-залында 3 курс «5В012100 -қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің  оқу-әдістемелік практикасының қорытынды есеп конференциясын өткізді. Конференцияға университеттің Тәжірибе және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінен мамандар, институт басшылығы, мектеп әдіскерлері және кафедра оқытушылар құрамы қатысып студенттердің қорытынды есептерін тыңдады. Қорытынды конференция дәстүрден тыс сайыс түрінде өткізілді. Конференцияны институт бойынша практика жетекшісі п.ғ.к. Р.Б.Бораш жүргізіп отырды. Мамандық студенттері оқу-әдістемелік практикада жинаған іс-тәжірибелерінің, өткізген сабақтарының нәтижесін топтар арасында  оқу, білім, әдістеме, шығармашылық жұмыстар бойынша көрсетті.  Конференцияға қатысушылар  тәжірибе бөлімінен Ш.Қ.Жантілеуова, Институт директоры Б.Әбдіғазиұлы, кафедра меңгерушісі Р.Ә.Шаханова  мамандық студенттеріне 3 курста өтілетін оқу-әдістемелік практиканың тиімділігі, атқарған, үйренген, іс-тәжірибеде көрсете алған жұмыстарының жақсы жақтарын айтып, пікірлерін ортаға салды. Сайыстың қорытындысында:

 1- орынды - «5В012100 -қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-тобы және  5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының  -302 тобы;

 2-орынды - «5В012100 -қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-тобы;

3- орынды- «5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының  -301 тобы иеленді.

Оқу-әдістемелік практиканың қорытындысын  сайыс түрінде өткізу студенттердің жинаған азды-көпті тәжірибелерін топпен бөлісіп, қиындығы мен қызығын тең бөлісуге, шығармашылық жұмыстарын нақты көрсете білуге тиімді екендігін  байқатты.




Кері оралу