қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2022

Ғылым онкүндігі аясында - кафедра профессорының актілік дәрісі өтті

 

2022 жылдың 5 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Манат Мусатаеваның «Орыс грамматикасының когнитивті аспектісі» тақырыбында дәрісі өтті. Оқытушы күнделікті сананың ерекшеліктері орыс тілінің қалыптасуына қалай әсер еткенін талдады; адамның менталитеті грамматика фактілерінде қалай көрініс табатындығы жайлы ойбөлісті.

 

Дәріс жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті, қатысушылардың (оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер) жоғары ақпараттылығы, интерактивтілігі, материалды баяндауға деген құштарлығы үлкен қызығушылық тудырды. Студенттердің белсенділігінде, олардың білімінің сабақтастығы мен жүйелілігінде көрініс тапқан кері байланысты байқау ерекше жағымды болды.

 

   




Кері оралу