қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

Лингвист-профессордың актілік дәрісі


2022 жылдың 8 сәуірінде Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Ғылым онкүндігі аясында екінші актілік дәріс өтті. Филология ғылымдарының докторы, профессор Дамина Шайбакова «Лингвистикадағы ғылыми идеялардың генерализациясы» тақырыбында дәріс оқыды.


«Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 курс студенттері, магистранттар, докторанттар мен кафедра оқытушылары қазіргі лингвистиканың өзекті ғылыми мәселелерімен танысты.


Жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде оқылған дәріс студенттердің лингвистикалық білімінің маңызды құрамдас бөлігі болды.

 

   

 




Кері оралу