қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2022

Ұлы ағылшын драматургі У. Шекспирдің 458 жылдығына арналған әдеби кеш


2022 жылдың 21 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының практикалық ағылшын тілі кафедрасында ұлы ағылшын жазушысы, драматург, ақын Уильям Шекспирдің 458 жылдығына орай «Шекспир ғашық» әдеби кеш өтті. Ұйымдастырушы - «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының аға оқытушысы Алтынбаева Қарлығаш.


Кеш қонақтары - «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі Төлегенова М.Б., шет тілдері кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, аға оқытушы С. Тлеубай, әріптестер Беков Д.А., Хайрлаева Г.Ж., Сорбонна-Қазақстан институтының қонақ оқытушысы Anyanwu Prince-Sun Uhuru. Бұл әдеби шараға Жаратылыстану-география институтының студенттері белсене қатысты.


Кештің мақсаты - ұлы ағылшын жазушысының шығармашылығына қысқаша шолу жасау, әлем әдебиетінің жауһарларымен танысу және студент жастардың жалпы мәдени дамуы.

 

   

 

   




Кері оралу