қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2022

Алматы қаласының мұражайларына экскурсия


2022 жылдың 18 мамырында Халықаралық музейлер күніне орай Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 1 курс эдвайзері Оразова Р.К. Алматыдағы бес мұражайды аралады.

Атап айтқанда, студенттер қазақтың белгілі классик жазушылары Ғ.Мүсірепов пен С.Мұқановтың мұражай-үйлерін аралап, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мұражай қызметкерлерінің әңгімелерінен мол мағлұмат алды, кітаптармен танысты. Жақында жиналған тың жәдігерлерді, Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығына арнайы ашылған кинозалдағы «Аманкелді» фильмін тамашалады. Одан кейін олар халқымыздың біртуар қайраткерлерінің бірі, мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың мұражай-үйінде болып, Қазақстанды ұзақ жылдар басқарған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің отбасы мен тұрмысы туралы көп мағлұмат алды.

Сондай-ақ студенттер Республикалық орталық мұражайды аралап, ауқымды шараның куәсі болды, белгілі өнер қайраткерлері қатысқан концертті тамашалады, мұражайдың жаңа экспонаттарымен танысты, жәрмеңкені тамашалады. Одан кейін Қастеев мұражайына барды, көптеген өнер туындыларын тамашалады, бұл студенттердің өнер саласындағы ой-пікірлерінің дамуына әсер етті. Осындай қызықты саяхаттан студенттер үлкен әсер алып, ризашылықтары мен таңданыстарын жасыра алмады. Оқу жылының соңында өткізілген іс-шара қызықты әрі өте пайдалы болды.

 

  alt=  




Кері оралу