Филология факультеті |
27.03.2017
2017 жылдың наурыз айында Оңтүстік-Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы «Актуальные вопросы преподавания русского языка и литературы в школе» атты әдістемелік семинар өткізу туралы ақпарат
2017 жылдың 16-23 наурызында Оңтүстік-Қазақстан облысы Сарыағаш қаласына филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының п.ғ.д., проф. Г.А.Кажигалиева мен ф.ғ.к., доц. З.А.Умирзакова іссапарымен барып қайтты. Осы аталған уақыт аралығында Сарыағаш қаласындағы С. Исмаилов атындағы №5 мектебінде «Актуальные вопросы преподавания русского языка и литературы в школе» атты әдістемелік семинар өткізді. Семинарға Оңтүстік-Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының 40 мектебінің, сонымен бірге Қызыл-орда мен Алматы облысының бірнеше мектептерінің мұғалімдері қатысты. Бұл семинар Сарыағаш аудандық білім бөлімі мен Оңтүстік-Қазақстан облыстық білім бөліміндегі әдістемелік кабинетінің жоспарлық шара болып ұйымдастырылды. Шараны С. Исмаилов атындағы №5 мектебінің директоры З.Т.Ниеталиева, оқу-тәрбие ісі бойынша директорының орынбасары К.Л.Нурман ашты. Құттықтау сөздерімен Оңтүстік-Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері Ф.Б. Сарипбекова, үштілді білім беру Оңтүстік-Қазақстан облысы әдістеме кабинетінің әдіскері Д.Р. Айкозова сөйледі. Семинарда п.ғ.д., проф. Г.А.Кажигалиева «Инновационные технологии языкового обучения в практике современной общеобразовательной школы» атты презентациямен қоса мазмұнды аналитикалық баяндама жасады. Оқу-тәрбие ісі бойынша директорының орынбасарлары К.Л.Нурман мен Г.Р.Боранбаева бірлескен баяндамаларында жоғары оқу орны мен мектептердің ынтымақтастығы жөніндегі ықпалын айта кетті. Көп жылдары бері Абай атындағы ҚазҰПУ-дің филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы (кафедра меңгерушісі п.ғ.д., проф. Р.Ә. Шаханова), филология және көптілді білім беру институты (директоры ф.ғ.д., проф. Б.Әбдіғазыұлы) мен С. Исмаилов атындағы №5 мектебінің жемісті қызықты шаралармен қамтылған ынтымақтастығының сипатын айтты. Атап айтқан ынтамақтастығы 2012 жылдан практикалық тілдер кафедрасынан басталған еді. (сол жылдары кафедра меңгерушісі п.ғ.д., проф. Г.А. Кажигалиева болған). Кәсіби бағдар жұмысы жағынан бұл ынтымақтастыққа үлкен жол ашқан әлде де жұмыс атқарып жатқан біздің кафедраның аға оқытушысы Р.К.Тохтамова және С. Исмаилов атындағы №5 мектеп мұғалімдерінің әдістеме бірлестігінің жетекшісі Х.У.Джабарова. Практикум бөлімінде орыс тілі мен әдебиет пәнінің мүғалімдері А.З.Кунангараева (О. Жәнибеков атындағы № 73 мектеп-гимназия, Сарыағаш ауданының Абай ауылы), С.Т. Мухатова (№ 136 орта мектебі, Сарыағаш ауданының Дастан ауылы) сыни ойлау технологиясы бойынша коучинг өткізді. С. Исмаилов атындағы №5 мектебінің мұғалімдері Н.А.Отарова, З.К.Таубаева, Л.А.Турсынова қызықты түрде «Шесть шляп» әдісін көрсетті. С. Исмаилов атындағы №5 мектебінің оқу-тәрбие ісі бойынша директорының орынбасарлары Ж.С.Пазилова, Г.О.Кудиярова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.М. Алиқұлова әдемі түрде терең адамгершілік ұғымымен «Наурыз-думан» атты драма әдісін оқушылармен бірге көрсетіп, семинар қонақтары мен қатысушыларын Наурыз мейрамымен құттықтады. Әдістеме семинардың қатысушылары п.ғ.д., проф. Г.А. Кажигалиеваның 1) «Лингвориторическая технология на уроках русского языка и литературы в школе»; 2) «Таксономия Б. Блума в школьном курсе русского языка (на материале учебников русского языка для 6 классов школ с русским и казахским языками обучения)»; 3) «Лингвокультурологический подход как эффективное средство обучения на уроках русского языка в условиях современного полиязычного образования»; 4) «Вузовские технологии в современной школе» шебер-сыныптарын, сонымен қатар ф.ғ.к., доц. З.А.Умирзакованың «Учебные проекты на занятиях русского языка в школе и вузе» шебер-сыныбын тыңдады. Семинар қатысушылары дәрістердің, шебер сыныптарының, ашық сабақтарының электрондық нұсқасын алды. Семинар соңында қатысушыларға Абай атындағы ҚазҰПУ-дің сертификаттары мен алғыс хаттары табыс етілді. Алғыс хаттары С. Исмаилов атындағы №5 мектебінің директоры З.Т.Ниеталиева, оқу-тәрбие ісі бойынша директорының орынбасарлары К.Л.Нурман, Г.Р.Боранбаева, Ж.С.Пазилова, С. Исмаилов атындағы №5 мектеп мұғалімдерінің әдістеме бірлестігінің жетекшісі Х.У.Джабарова, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері Ф.Б. Сарипбекова, облыстық әдістеме кабинетінің әдіскері Д.Р. Айкозоваларға табыс етілді. Сарыағаш аудандық білім бөлімі ұйымдастыру-әдістеме жұмысы бойынша филология және көптілді білім беру институты директоры ф.ғ.д., проф. Б.Әбдіғазыұлы, филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., проф. Р.А. Шаханова, п.ғ.д., проф. Г.А. Кажигалиева, ф.ғ.к., доц. З.А. Умирзакова, аға оқытушысы Р.К. Тохтамоваларды Құрмет қағазымен марапаттады. Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|