қазақша · русский · english
 
 
 
20.03.2017

Кафедрадағы ғылыми кездесу.

2017 жылдың 18 наурызында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында PhD докторанттарының кезекті семинары өтті. «Элементы мифопоэтики в казахстанской прозе» тақырыбынмен «Филология» мамандығының 3 курс докторанты Эльмира Жанысбекова (ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының докторы, профессор. Л.В. Сафронова) мәлімдеме оқыды. Докторант қазіргі замандағы неомифологиялық прозадағы образды және мотивті қатар саласындағы өз зерттеулерін жүйелеп, поэтикасындағы өзіндік сипатқа ие элементтерді анықтады: архетип бейнелер, тотемизм, эсхатологиялық сарындар, салт жоралғылар және т.б., олардың генезис, семантика мен әдеби міндеттері.
Баяндаманы жұрт қызыға тыңдады, себебі бұл тақырып қазақстандық мәдениетінің қазіргі таңдағы аспектілерін қамтып, ұлттық даралықты анықтауға, дәстүрді сақтау және трансформациялау міндеттеріне бағытталған және әлем әдебиеті мәнмәтінінің қазақстандық әдебиетке әсерін қамтиды. Баяндаманы талқылауға кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., проф. С.Д. Әбішева, п.ғ.д., проф. М.Р. Кондубаева, ф.ғ.д., проф. Л.В. Сафронова, ф.ғ.к., доц. З.Н. Поляк, сонымен қатар кафедраның PhD докторанттары М. Аймағамбетова, Г. Қуатова, Г. Амангельдиева қатысты.


 




Кері оралу