қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2017

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

 

АҚПАРАТ ХАТ

Қадірлі әріптестер!

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен   2017 жылдың 03 - 16 сәуірі аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында көрсетілген   адами капитал сапасын жақсарту бағыты бойынша «Көптілділікті дамыту жағдайында тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында дәстүрлі  республикалық оқу-әдістемелік жылжымалы семинар өткізіледі. Семинарда филология саласында оқытылатын теориялық пәндердің білім мазмұны мен оны оқытудағы инновациялық  технологиялар бойынша тренингтер мен ашық сабақтар өткізу мақсат етіледі.

Семинарға «Өрлеу» БАҰО филиалы ББЖҚБАРИ,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысады.  Әрбір оқу орындарына 3 тренинг немес ашық сабақ өткізу жоспарлануда. 7 ғылыми мақала қабылданады.

Семинар жұмысының негізгі бағыттары:

Оқыту үдерісіндегі филологиялық пәндердің білім мазмұны; 

ЖОО-да теориялық пәндерді оқытудың методологиясы;

Қазақ филологиясындағы инновациялық бағыттар 

Қазақ тіл білімі мен тілтаным

Әдебиеттану ғылымы

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі 

Ғылыми мақалалар жеке кітап ретінде тегін басылып шығады. Мақалалар 2017 жылдың 27 наурызына дейін қабылданады. Ашық сабақ немесе тренинг өткізген мамандарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан сертификат беріледі.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі - 5-8 бет, редакторы - WORD, 14 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласы, Қазбек би көшесі, 30 Абай атындағы ҚазҰПУ, Жалпы тіл білімі кафедрасы, 514-кабинет. Байланыс телефондары: 8 (727) 2-91-87-80; ұялы тел.: 8 747 236 75 37 Ильясова Нағима Әбзелбекқызы; 8 701 285 45 01; 8707 63915 12 Ускенбаева Рауза

Электронды пошта: nagima68@mail.ru;  rauza82@mail.ru

Cеминарға қатысуға өтініш беру

  1. Тегі, аты-жөні
  2. Мақала тақырыбы, ашық сабақ немесе тренинг тақырыбы (күні, уақыты, өтетін орны)
  3. Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)
  4. Қызметі, ғылыми дәрежесі / ғылыми атағы
  5. Мекенжайы, байланыс телефоны, электронды пошта (e-mail)



Кері оралу