қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2017

 

4 курс студенттерінің педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы


2017 жылдың 30 наурызында 4 курс 5В018800 - Орыс тілі мен әдебиеті, 5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері педагогикалық практикаларының қорытынды конференциясын өткізді. Мақсаты педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижесін талдау, жинақтау және де дайындықтағы жетістіктер мен кемшіліктерді ескеру.
Студенттерді орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С.Ж. Әбішева мен педагогикалық іс-тәжірибе жетекшілері Кожакеева Ш.Т., Казкенова А.К., Эглит Л.В., Ломова Е.А. құттықтады.
Студенттер іс-тәжірибені қалай өткендіктерін презентация арқылы көрсетіп есеп берді.
Практиканттар сабаққа дайындықтағы, сабақ өткізудегі қиыншылықтар мен сынақтарды, сонымен қатар есте қалған сәттерін, осы іс-тәжірибеде нені үйренгендіктерін айтты. Презентацияға мұғалімдер мен оқушылардың пікірлері де қосылды. Мұғалімдер студенттердің теориялық дайындықтары, оқып жатқан шығармалардың мәтіндерімен таныстықтары мен орыс тілі мен әдебиетінен әдістемелік дайындықтарына жақсы баға берді.
Әдіскерлері студенттердің іс-тәжірибе барысында дербес дайындалып жоғары дәрежедегі сабақтар өткізіп, оқу, танымдық және тәрбиелік мәселелердің табысты шешімдерін тауып, дидактикалық қағидаларды қолданғандарын атап өтті.
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында практиканттар көрнекіліктер мен ақпаратты байланыс технологияларын қолданды. Оқушыларды дұрыс бағалап, белсенділігін арттырып, жаңа ақпараттарды дұрыс меңгерулеріне шығармашылықпен қатар түрлі әдістер мен амалдар, тәсілдер қолданды.
Профессор С.Ж. Әбішева сөз соңында бұндай педагогикалық іс-тәжірибелер студенттерді қиын да қызық ұстаздық өміріне өтудің қорытынды теориялық кезеңі және педагогикалық университетте білім алушылардың маңызды бөлігі екенін атап айтты.

№ 12 орта мектебіндегі педагогикалық іс-тәжірибе есебі
№ 35 орта мектебіндегі педагогикалық іс-тәжірибе есебі
Қорытынды конференцияның хаттамасы
Оқушының мұғалім-практикантқа пікірі

 

 

 

№ 12 орта мектебіндегі педагогикалық іс-тәжірибе есебі
№ 35 орта мектебіндегі педагогикалық іс-тәжірибе есебі
Қорытынды конференцияның хаттамасы
Оқушының мұғалім-практикантқа пікірі

 




Кері оралу