Гиресун университетінің профессоры Веди Ашкароглымен кездесу
2022 жылдың 14 қазанында шетелдік ғалымды тарту бағдарламасы аясында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева мен Гиресун университетінің профессоры Веди Ашкароглымен кездесу өтті. Профессор Веди Ашкароглы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің шақыртуымен Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының студенттеріне дәрістер курсын оқумен қатар семинарлар, ғылыми кеңестер, магистранттар және докторанттарға арналған шеберлік сабақтарын өткізеді. Кездесу барысында Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен танысып, ғылыми семинарға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Алдағы уақытта профессор Веди Ашкароглымен семинар, дөңгелек үстел, вебинарлар, жарыстар өткізу жоспарлануда.
Профессор Веди Ашкароглы Гиресун университетінен (Түркия Республикасы) келген. Ағылшын тілін оқыту методикасы бойынша 20-дан астан оқулықтар, импакт-факторы бар халықаралық мақалалардың авторы болып табылады. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі, ағылышын әдебиеті, түрік әдебиеті сынды салаларда ғылыми зерттеулермен айналысады. Профессор Веди Ашкароглы Гиресун Университетінде «Шет тілдер» кафедрасының негізін қалаушысы, меңгерушісі.