қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2017

Театр қызметкерлерінің «Театр сахнасына шақырады» атты жоба туралы пікірлері

         

        Бүгін 28.03.2017 ж. театр сахнасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Филология институты филологиялық пәндерді оқыту кафедрасының меңгерушісі Шаханова Розалинда Әшірбайқызының ұсынысымен ұйымдастырылған «Театр сахнаға шақырады» жобасы болып өтті. Жоба барысында аталмыш университеттің педагогтары мен студенттері өз өнерлері мен халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген театрымыздың актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Бекжан Тұрыс және актриса, «Серпер». Жастар өнер иелеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, өздері тарапынан әннен шашу шашып, би де биледі. Кеш соңында Бекжан Тұрыс пен Салтанат Бақаева домбырамен ән шырқап, жиналған жұртты серпілтіп тастады.
         Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру институты филологиялық пәндерді оқыту кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шаханова Розалинда Әшірбайқызы:
            «Театр ол - өмір! Театр арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын, тілін, төл өнерін сақтай аламыз. Елімізде білімді кадрларды дайындау және жан-жақты сауатты тұлға жасау, өскелең ұрпақтың бойындағы адами қасиеттерді сақтау мақсатында, студенттерімізді театрға жиі алып келеміз. Сол арқылы тәрбиелік маңызы бар ғылыми жоба жасаймыз.
          Халыққа өнерімен танымал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс және талантты актриса Салтанат Бақаевамен кездесудің сәті бүгінге түсті. Бекжан Тұрыс сынды өнер адамдарының өсіп келе жатқан буынға айтары мол деп есептеймін. Ал, сырласу сәтінен соң студенттермен бірігіп «Сыған серенадасы» спектаклін көруді жоспарымызға енгіздік».
           «Адам бүгін театрға, ертең адам болып қалу үшін барады» деген ұстанымды ұстанған студент жастардың осындай игі шарасына қолдау білдіріп, жалғасын тапса екен демекпіз.

Театрдың баспасөз қызметі

 

 




Кері оралу