қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2022

«Туған жер ғажайыптары» тәрбие сағаты

 

2022 жылдың 22 қазан күні еліміздің Республика күні мерекесіне орай Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Конкабаева, аға оқытушылары Алмабекова А.М., Раева А.Н. және жауапты эдвайзерлері Жұмабаева А.С., Мейрхан С. «Туған жер ғажайыптары» тақырыбында «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығының 1 курс студенттерімен институт бойынша жоспарланған тәрбиелік сағатын өткізіп, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайына саяхат жасады.

 

Орталық мұражайда 1 секция «Палеонтология және архиология залы», 2 секция «Тарихи этнографиялық залы» және 4 секция «Заманауи Жаңа Қазақстан залы» бойынша көрмеге қатысып, өткен тарихымыздың тұрмыс-тіршілігі мен өнеріне, әсіресе қолөнер бұйымдарына шолу жасалды. Мұражайымыздың қызметкерлері де түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, студенттерімізге тарихи мұрамызды, көне қолөнері мен мәдениетін, ұстанған салт-дәстүрімен таныстырып тәнті етті.

 

Өткеніміз - тарих болса, болашағымыз - жастар! Жастарымыз, жаңа Қазақстан - парасатты, ойшыл, салмақты, пайымды ұрпақтар тегінен екенін ұмытпағаны абзал.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу