қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2017

 

2017 жылдың 10 сәуірі күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университтеті Филология және көптілді білім беру институтының директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдіғазиұлының қолдауымен, Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруында «Көптілділікті дамыту жағдайында тұлғаны қалыптастыру» атты  республикалық оқу-әдістемелік семинар болып өтті.

ЖОО қатысқан семинардың  кіріспе сөзін - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарда Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ахетов Мамай Қаниұлы, «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары Домбай Нұрперзент, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының директоры п.ғ.д., профессор Мақатова Жансауле Әлиқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор  Мадиева Гүлмира Баянжанқызы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тымболова Алтынай Оразбеккызы республикалықұ оқу-әдістемелік семинардық сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.  - Сүлейман Демирель университетінің филология және педагогика ғылымдары факультетінің деканы,  PhD., профессор Азамат Ақбаров «Тенденции развития европейской языковой политики и пути ее реализации» баяндама жасады.

            Семинар бағдарламаға сәйке шеберлік сабақтарымен жалғасты.

Ф.ғ.д., профессор Атабаева Мереке Сатылғанқызының шеберлік сабағынан көрініс

 

Шеберлік сынып

Уақыты

Тақырыбы

Жауапты

1100-1150

Болашақ филолог маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыру жолдары

Рахметова Р.С., п.ғ. д., доцент

1100-1150

Жер-су атауларының ұлттық мәдени ерекшелігі

Атабаева М.С., ф.ғ.д., профессор

12 00 - 12 50

Шетел тілін үйретудегі жаңа технологиялар

Букабаева Б.Е., ф.ғ.к., доцент, Кемелбекова З.А. ф.ғ.к., доцент

12 00 - 12 50

Түркі тілдері сөздіктерінің тарихы

Шуиншина Н.М., магистр, аға оқытушы


 

 Қонақтарды қарсы алу сәтінен

 

 

Аға оқытушы, магистр Шуиншина Назым Мырзағасымқызының шеберлік сабағынан көрініс

 

 




Кері оралу