Филология факультеті |
14.04.2017
Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор Қ.Есенованың басқаруымен , пед. ғ.д., профессор Балтабаева, Ж.Қ., филол. ғ.д., профессор Ильясова Н.А., Ускенбева PhD Р.М. ұйымдастыруымен ЖОО арасында «Көптілділікті дамыту жағдайында тұлғаны қалыптастыру» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар 13.04.2017 жылы СҮЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ жалғасын тапты. Тіл - сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болумен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді. Себебі, халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды; қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді. «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде»-деп елбасы Н.Назарбаев айтқандай, семинарға қатысушылар мемлекеттік тілге басымдық бере отырып, ағылшын, орыс тінін және т.б тілдерді екінші шеттел тілі ретінде оқыту басты мақсатта болатынын басып айтты. Қазақ жері қазақ халхының атамекені, тілі қазақ тілі. Өзге Қазақстанда тұратын этностар қазақ тілін меңгеру арқылы,болашақтың есігін ашатынын тілге тиек етті. СҮЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ УНИВЕРСИТЕТІ Модератор - Нұржанова Айсұлу Балтабайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, ассоц. проф. Шеберлік сынып
13.04.17 жыл
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|