қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы ТМД-ның «Үздік педагог - 2022» медалімен марапатталды

 

Филология институты шетел тілдері кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы Құрмамбаева Жұлдыз Балтабекқызы «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастырылған ассоциациясының нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Астана қаласында «Үздік педагог - 2022» ғылым және білім беру мекемелері арасында өткізілген «Халықаралық кітап басылымы», «Үздік педагог - 2022» сайысына қатысты.


Сайыстың қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Ж.Б. Құрмамбаева ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Үздік педагог- 2022» медалімен марапатталды. Жұлдыз Құрмамбаеваның ғылыми мақаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Үздік педагог - 2022», «Халықаралық кітап басылымы» ғылыми мақалалар жинағында жарияланды.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу