қазақша · русский · english
 
 
 
19.04.2017

Докторанттардың бесінші семинары

      2017 жылдың 18 сәуірінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында докторанттардың ғылыми семинары өтті. Профессор мен докторанттардың алдында 6D011800 - «Русский язык и литература» мамандығының 2 курс PhD докторанты Евгения Арзиева «Теория возможных миров в исследовании художественного текста литературы постмодернистского направления» тақырыбында баяндама оқыды.
   Докторанттың баяндамасындағы қазіргі заманғы «виртуалды шынайылық» пен «нағыз шынайылық» өзекті тақырыптары тығыз талқыға салынды.
   Аталған тақырыпқа ойталқы әртүрлі пікірлермен алмасып белсенді пікірталас тудырды.
    Докторантқа диссертацялық зерттеуіндегі мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Қорытыныды бөлімінде Евгения Арзиева жиналған қауымды зерттеу жұмысында көрсетілетін сауалнамаға қатысуды ұсынды.
     Жас ғалымдардың баяндамаларына жетекшілері тарапынан айтылған сындар арқылы жаңа білім жинақтап, алдағы зерттеу жұмыстарында көмек болары анық.

 

Сілтеме: Докторанттардың ғылыми семинарларының хаттамасы

 




Кері оралу