қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2017

      2017 жылдың 19 сәуірінде Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Есимбек Сауле Iзiмуханкызы «Педагогика және психология» институтының «Дефектология» мамандығының 1 курс студенттеріне «Орыс тілі» пәні бойынша «Культура речевого поведения в профессиональной сфере» атты тақырыбына ашық сабақ өткізді.
        Ашық сабаққа комиссия мүшелері п.ғ.к., доц. Тусубекова К.К., магистр, аға оқытушы Камза Г.Б. және кафедра оқытушылары қатысты. Сабақ барысында интерактивті әдістер қолданылды: case-stady, синквейн құрастыру және топтық жұмыс ұйымдастырылды. Бұл жұмыс түрлері студенттердің ізденімпаздық, шығармашылық қызметін талап ететінін дәлелдеді. Оқытушы студенттердің ойларын тұжырымдап, әрбір студенттің белсенділігіне көңіл аударып отырды. Сабақтың соңында талдау сұрақтарына жауап беріп отырды. Рефлексия кезеңінде әр топ өзара бағалау жасады. Интерактивті тақта, мультимедиалық құралдар, Prezi презентациялық бағдарламасы пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 




Кері оралу