қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2017

Мәскеулік қонақтар студенттермен кездесті

          Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 26 сәуір күні мәскеулік ғалыммен кездесу өтті. Бұл жолы студенттер Дмитрий Университетінің сыртқы істер деканы Пожарский Дмитрий Юрьевич пен осы университеттің профессоры, ф.ғ.д. Алексей Игоревич Любжинмен танысты. А.И. Любжин - «Орыс мектебінің тарихы» атты үш томды ғылыми басылымның авторы білім берудің тарихы туралы қысқа әрі қызықты айтып берді.
    Қонақтарды Ресей Федерациясының консулы, ҚР-дағы Россотрудничествоның басшысының орынбасары Ирина Владимировна Переверзева таныстырды.
   И.В. Переверзева университетіміздің досы, кафедрамыз ұйымдастыратын мәдени шараларына қонақ болып қатысып тұрады. Жаңа таныстыстықтар күтеміз.

 

 

 

 




Кері оралу